Жаңалықтар тізбегі
0

Лев Лещенко Қазақстанға не үшін келгенін айтты

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2022 22:58 Сурет: Instagram/l.v_unofficially
Кеңес заманының әрі Ресейдің танымал әншісі Лев Лещенконың Алматыдағы ХҚКО-ға бас сұғуы солтүстік көрші жұртшылығының назарынан тыс қалмады. Әлеуметтік желіде Қазақстанның ресми мекемесінде әншінің не істеп жүргенін топшылаған түрлі болжамдар жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көптеген адам Лев Лещенконың Қазақстан азаматтығын алуы мүмкін екенін долбарлап, оны талқылай бастады. Teleprogramma-ға берген сұхбатында әнші бұл болжамды езуіне күлкі үйіре отырып, қабыл алды.

Мен досыма, бұрынғы премьер-министрдің туған күніне барған едім. Үстел басында бірге отырдық, бар болғаны сол ғана. Сол сапарымда ХҚКО-ға да бас сұға кеттім, белгілі бір операцияны рәсімдеу үшін. Ал жұрт мені сол жақта қалады деп жатыр. Жоқ, олай емес, мен Байқоңырдан Марсқа ұшу үшін құжаттарды рәсімдеп жүрмін. Қазақтар келісті! РСФСР Халық әртісі Лев Лещенко

Лев Лещенко оқырмандар мұнысының әзіл екенін дұрыс түсінсе дейді.

Ал шынтуайтында, әншінің ХҚКО-да қандай қызмет тіркеткенін анықтау мүмкін емес. Заң бойынша көрсетілген мемлекеттік қызмет түрі туралы ақпарат қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге жатады. Жеке деректерді тарату субъектінің келісімімен ғана мүмкін. Онда да өзге жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне қол сұғылмайтын жағдайда.

Бір анығы, Лев Лещенко ҚР ІІМ-ге Қазақстанда тұруға ықтиярхат немесе азаматтық алу үшін жүгінбеген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: