Павел Дуров Қазақстанға не үшін келгенін айтты

Павел Дуров Қазақстанға не үшін келгенін айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2025 12:52 Сурет: akorda.kz
2025 жылғы 2 қазанда Астанада өткен Digital Bridge халықаралық форумында Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға келуінің себебін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Дуровтың айтуынша, оған көптеген ықпалды әрі табысты адамдар Қазақстанға келіп, болашақ жарын осында табуға ниетті екенін айтқан.

"Өкінішке қарай, мен бұл мақсатпен келген жоқпын. Мен мұнда жасанды интеллект туралы әңгімелесу үшін келдім. Бұл – өте ықпалды технологиялық элемент, әрі ол қоғам құрылымын түбегейлі өзгертетіні анық. Бұл процеске екі түрлі көзқараспен қарауға болады: бірі — қорқыныш тұрғысынан, екіншісі — сенім мен үміт тұрғысынан. Бизнестің көшбасшыларымен, үкімет өкілдерімен және университеттермен, соның ішінде Қазақстандағы серіктестермен сөйлесе келе, мен Қазақстанның бұл үдерісті үміт пен шабыт көзі ретінде қабылдап отырғанын байқадым. Әрине, алда көптеген қиындықтар болады, бірақ оларды жасанды интеллекттің көмегімен шешуге болады. Бұл — барлық адамзат үшін молшылық дәуірінің, алтын дәуірдің бастауы болмақ", – деді ол.

Ол, сондай-ақ, табысқа жету үшін аянбай еңбек ету, шын ықыласпен жұмыс істеу, жомарттықпен инвестиция салу және әр кезеңді терең ойластырып қадам жасау қажеттігін атап өтті.

"Бір жыл бұрын біз Қазақстанда алғашқы аймақтық кеңсемізді аштық. Қазір оның нәтижесін көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз. Бүгін мен ерекше жаңалықпен бөліскім келеді – біз дәл Alem.Ai ғимаратында жасанды интеллект зертханасын ашатын боламыз. Бұл Telegram мен Қазақстандағы суперкомпьютерлік кластердің бірлескен жобасы болады. Ол Қазақстанның Жасанды интеллект министрлігінің қолдауымен осы жерде жүзеге асады. Жоба не туралы? Соңғы бірнеше ай бойы біз Telegram-да блокчейн мен жасанды интеллекттің тоғысқан жаңа технологиясын жасап келеміз. Бұл технология компьютерлік жүйе арқылы миллиардтан астам адамға жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалануға жол ашады", – деп қорытындылады Павел Дуров.

Сондай-ақ, 2025 жылғы Digital Bridge халықаралық форумында сөйлеген сөзінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектті тек бейбіт мақсатта қолдану қажет екенін айты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: