Мемлекет басшысы Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровты қабылдады

Digital Bridge 2025 халықаралық форумының алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровпен кездесті., сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2025 15:10 Сурет: akorda.kz
Digital Bridge 2025 халықаралық форумының алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровпен кездесті.

2025 жылдың 2 қазанында Ақорда баспасөз қызметінің хабарлайынша, әңгімелесу барысында білім беру, жасанды инттелект және киберқауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Президент еліміздің цифрлық дамуына үлес қосқан Telegram мессенджерінің қызметіне жоғары баға берді. Компания ресми түрде Astana Hub кластерінің қатысушысы атанды. Қазақстанда кеңсесін ашып, AIem.АІ орталығында ЖИ-зертханасын іске қосты.

Павел Дуров Қасым-Жомарт Тоқаевқа жасанды интеллект саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасы туралы мәлімет берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: