Астананың жаймашуақ күндерінен фотолар

Астана Сурет: Zakon.kz
Бас қалаға көктем мен жаз кеш келеді. Астананың күн жылы кездегі әдемі көрінісін фотоға түсіріп алдық.

Ұзақ қыс бен боран біткенде елорда тұрғындары ерекше қуанады. Себебі бұл жақтың халқы көктем мен жазға аңсап жетеді. Сондықтан болар жұмыстан басқа уақытта серуендеп жүретін адам көп.

Астана

Сурет: Zakon.kz

Жаяу жүргісі келетін адамдарға аллеялар да көп. Дәл қазір жасыл желек те жайқалып, серуенді көркем ете түседі

Бұл Астанадағы Ботаника бағы. Жан-жағының бәрі ашық, кез келген жағынан кіріп, жаяу жүріп қана қоймай, спортпен шұғылдана аласыз.

Астана

Сурет: Zakon.kz

Бақтың субұрқақтары да қосылып тұр. Ол ескен самалды салқын етеді, қаланың шуын су дыбысымен басады.

Экспо көрмесінің алаңқайы да сергіп қайтуға таптырмас жер. Мұнда балаларға арналған алаңқай, тіпті ересектерге де әткеншек бар. 

Астана

Сурет: Zakon.kz


Астана

Сурет: Zakon.kz

Әсіресе күн бата бастаған шақта саябақтарда серуендеп жүрген адамдарды көп кездестіруге болады. Іскер қаланың халқы жұмыстан қайтқан кезді пайдалы өткізуге тырысады.

Астана

Сурет: Zakon.kz

Спорт жаттықтырушылары да жаттығуды сыртта өткізіп жатады. Бір топ ер балалар баспалдаққа секіре мініп-түсіп, аяқ бұлшықетін жаттықтырып жатқанға ұқсайды. 

Астана

Сурет: Zakon.kz

Ботаника бағынан шығып, әрірек жүрсеңіз Мәңгілік ел қақпасынан бір-ақ шығасыз. Екі ортада "Ұлытау" аллеясы орналасқан. Аллея бойымен жүріп, Ұлытау өңірінің тарихымен танысуға болады.

Астана

Сурет: Zakon.kz

Әткеншек маңында оқушылар көп. Биыл мектептерде соңғы қоңырау 1 маусым күні соғылмақ. Оқушылар оқу жылы бітетін сәтті асыға күтіп жүрген болуы керек. Оларды алда үш ай жазғы каникул күтеді.

Астана

Сурет: Zakon.kz

Астананың саябақтарында жай серуендемей, жүгіріп, велосипед айдап, дене шынықтыруға жағдай жасалған. Қысы жазы бір түсте болатын шыршалар да айналаға сән беріп тұр.

Астана

Сурет: Zakon.kz

Айтпақшы, Ботаника бағының ішінде арнайы Оранжерея бар. Күндіз ашық болады. Ол субұрқақ пен көпірдің қасында.

Астана

Сурет: Zakon.kz

Бас қалада жаңа үйлер көптеп салынады. Тіпті тұрғындар таңғы уақытта құрылыс техникасының даусынан оянады.

Астана

Сурет: Zakon.kz

Тәтті мақта, сусын мен балмұздақтың қызу сатылатын кезі. Піскен жүгері тағы бар.

Астана

Сурет: Zakon.kz

Дегенмен әкімдік саябақтарда, көше мен аллеяларда тәртіпті сақтай отырып демалуды ескертеді. Жан жағымыздың әдемі әрі таза болғаны бәрімізге жақсы емес пе?!

Астана

Сурет: Zakon.kz

Ботаника бағы 2018 жылы ашылған. Жан-жағында жаңа үйлер көп. Серуендеп жүрген зейнеткер ерлі-зайыпты үйді арнайы осы бақтың қасынан алдық дейді. Себебі кез келген уақытта шығып, серуендеуге ыңғайлы.

Астана

Сурет: Zakon.kz

Айта кетейік, бас қалада серуен мен көкте демалуға болатын саябақтар жеткілікті. Оның үстіне синоптиктер елімізде күн 38 градусқа дейін ысиды деп болжады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз