"Атырау - Алматы" пойызында жас келіншек қыз босанды

Төтенше жағдай Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
№29/30 бағытындағы "Атырау - Алматы" жолаушылар пойызының бригада қызметкерлері жолаушыға босану кезінде көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атыраудан Шымкентке бағыт алған жас ананы жолда толғақ қысқан. Жолсеріктер Жанар Тасмағамбетова, Айғаным Сұлтанмұратова және Ғалия Қайырденова пойыз вагонында жүкті әйелдің аман-есен босануына барлық жағдайды жасады, деп хабарлайды "ҚТЖ" АҚ баспасөз қызметі

Сағат 21:52-де сәби дүниеге келді.


"Нұсқаулыққа сәйкес жолсеріктер күтпеген жағдай орын алғанда пойыз  машинистіне хабар беріп, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем көлігін шақырды".  "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Пойыз Қазалы станциясына келіп тоқтағанда сәбиді анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері қарсы алды.

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз