Жамбыл облысында біте мен бүрге басқан ауылдан шу шықты

Әлеуметтік желі Сурет: видеодан алынды
Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылының тұрғындары зиянкестерден зәбір көруде. Зиянкесті залалсыздандырып көрген. Нәтиже бермеген. Тұрғындар "ауыл ішіндегі диірменді алысқа көшірмей зиянкестен құтылмаймыз" деп әкімдік алдына жиналды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көпшілікпен кездесуге келген аудан әкімінің орынбасары тұрғындарды аяғына дейін тыңдамай көлігіне мініп қашпақ болды. Ашынған жұрт айғайға басып оны көліктен түсіріп алды, деп хабарлайды Astana.tv.

"Халық бір ай уақыт беріп отыр. Бұл мәселе бір айда шешілмейтін болса, онда халықтың талабы - мына қойманы ауыл сыртына шығару". Құлан ауылының әкімі Еркін Сейітжапаров

Аудандық шенеуніктер бір ай ішінде шыбын-шіркей мәселесін шешеміз деп уәде берді. Қамба қожайыны халық талабын орындамаса, диірменді ауыл сыртына шығаруға шешім шығарамыз деп отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз