Ақмола облысында 10 жастағы оқушы жаттығу кезінде қайтыс болды
Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылында 10 жастағы оқушы жаттығу кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақмола облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты тергеу басталды.
"Алдын ала анықталғандай, Целиноград облысы Талапкер ауылында 10 жасар бала арнайы оқу орталығында жаттығу кезінде қайтыс болған. Қазіргі уақытта өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады".Ақмола облыстық полиция департаменті
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript