Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте жасыл желек жаппай қурап жатыр

Шымкент, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2023 14:20 Сурет: видео скрині
Шымкентте жасыл желек жаппай қурап жатыр. Мезгілсіз солған қылқан жапырақты ағаштар қысқы аязға шыдамай үсіп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салдарынан бір этносаябақтың өзінде 700 түп ағаш кесіледі. Әйтпесе, жанындағы сау қарағайлар да "ауру жұқтырып", қурап кетуі мүмкін. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасы хабарлады.

Ал табиғат жанашырлары шаһарға көрік береді деп егілген ағаштарға дұрыс күтім жасалмағанын айтып отыр. Тұрғындардың айтуынша, этносаябақ қала көркін қашырып тұр. Мұнда қарағай тұқымдастарының үш түрі егілген. Солардың бірі жаз басталмай жатып көктей солды. 

Биолог Роза Байсариева өскіндерді суару жүйесі мен оның күтіміне де көңілі толмайтынын айтты. Одан бөлек бұл ағаштар арзан сатып алынған. Сол себепті "көшеттердің көктейтін күні де көпке созылмады" дейді. 

"Бұл Қырым қарағайын будандастыру арқылы алынған қарағайдың түрі. Ол бізге сәйкес келмейді. Арзан заттың құны да болмайды. Жайлы ортаны қалыптастыру басқармасының кемшілігі. Тендер ұтқандар қандай ағаш әкелді, соның қыр-сырын анықтап, содан соң егу керек еді". Биолог Роза Байсариева

Қалада қылқанжапырақты ағаштың 70 мыңнан астам түрі бар. Оның 10 мыңға жуығы қайта көктемеді. Салаға жауаптылар бар кінәні табиғаттың қатал "мінезіне" жауып отыр. Қураған ағаштардың бойына нәр жүгірту үшін өңдеу жұмыстары қолға алынған. Ал 700-дей ағаш маусым айында түбінен кесіледі.  

"Мердігер мекеме бар 5 жылға жекеменшік әріптестік қарастырылған. Өзінің инвестициясы бар. Соның есебінен сол жердегі 700 үсік жалған қылқан жапырақты алқапты қалпына келтіріп береді". Жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары Әбілхайыр Оңғар

Биыл күзде қалаға тағы 200 мың көшет егіледі. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: