Талдықорғанда жасыл желек тендер дұрыс жүзеге аспағаннан қурап жатыр
Қаратал өзенінің жағалауында ағаштар, көгалдар мен гүлзарлар қурап қалды. Қоғам белсенділері басқа демалыс орындарындағы жағдай мәз емес екенін айтып отыр. Бұл туралы КТК хабарлады.
"Бүкіл қалада солай. Біз түсіріп жатқан жаңа жағалауда ғана емес, барлық жерде! Қаланың қай жерінде болмасын, бар алаңдардың бәрінің жағдайы өте нашар. Адамдар әлеуметтік желілерде күнде айтады, үнемі жазады. Бірақ өкінішке қарай, тікелей камераға жауап беретін адамдар жоқ. Бәлкім бұл жерде, шағынауданда көбіне мемлекеттік қызметкерлер тұрғандықтан ба", - деді Қоғам белсендісі Қайрат Әбдірахман
Олар мемлекеттік қызметкерлерді үнсіз қалғаны үшін ғана емес, әрекетсіздіктері үшін де кінәлайды. Бұл екпелердің өлуіне күтімнің дұрыс болмауы себеп болды. Белсенділер су қоры мол аймақ қалай дұрыс суарылмағанына таңданып отыр.
"Біздің облыстың Жетісу деп аталуының себебі бар. Басқа өңірлерге қарағанда суымыз әлдеқайда көп. Тіпті, мысалы, осы жерден Қаратал өзеніне дейін - 10 метр. Шынымен де өзеннен су алып, суаруды қамтамасыз етуге болады ғой? Қолдан келеді ғой. Біздің шенеуніктер қайда қарап отыр?"Қоғам қайраткері Әділ Бейсембаев
Шенеуніктер "өтпеген бәсеке" кінәлі дейді. Қалаға қызмет көрсететін ешкім болмағандықтан ағаштар күтімсіз қалды дейді. Бірақ таяуда ғана әкімдік суаруды қамтамасыз ететін компанияны таңдады.
"Бірінші тендер камералық бақылау негізінде өткен жоқ, осыған байланысты екінші конкурс жарияланды. Мердігер ұйым "Zara Grand" ЖШС-мен келісім-шарт жасалды. Сома - 185 миллион теңге. Оның аясында шөп шабу, жасыл алқаптарды суару, ескерткіштерді күтіп ұстау, орындықтарды сырлау және тағы басқа бар.Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Олжас Құрмашев
Әкімдік қураған ағаштардың орнын жаңадан отырғызу арқылы өтеуге уәде беріп отыр. Жұмыс осы күзде аяқталады деп болжанып отыр.