Жаңалықтар тізбегі
0

Қала күніне орай Ақтөбе қаласы әкімінің кубогіне арналған республикалық пікірсайыстан турнир өтті

  Ақтөбе қаласы әкімінің кубогі үшін республикалық пікірсайыс турнирі өтті., сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2023 12:55 Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі
27-28 мамыр күндері Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қала күніне арналған Ақтөбе қаласы әкімінің кубогі үшін республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Күн санап өркендеп келе жатқан Ақтөбе қаласын ел жастарына көрсету. Жастардың өз ойын ашық айтып, қоғамда болып жатқан жағдайларға баға беру, көзқарас қалыптастыру. Қала жастары арасында пікірсайыс қозғалысын дамыту, оларды патриотизмге тәрбиелеу мақсатында өткен республикалық турнирге университет пен колледж студенттері және мектеп оқушыларынан құралған 60 астам фракция өтініш білдіріп, іріктеуден өткен 32 фракция қала әкімінің кубогын сарапқа салды. Турнирге Астана, Алматы, Шымкент, Тараз қалаларынан, Ақмола, Түркістан, Қостанай, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарынан және Ақтөбе қаласынан фракциялар қатысты.

Ақтөбе қаласы әкімінің кубогі үшін республикалық пікірсайыс турнирі өтті., сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2023 12:55

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Турнирдің ашылу рәсімі Мемлекеттік гимнмен басталды. Онда патриоттык әндер айтылды. Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрсұлтан Қожабеков жастарды қала күнімен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Турнир брейфингпен жалғасты. Брейфингте турнирдің бас төрешісі Исламбек Бітімбай және "Заман біздікі" ИЭО жетекшісі Аманжол Ханиев турнирдің өткізілу форматына тоқталып, қарарлармен таныстырды.

Ақтөбе қаласы әкімінің кубогі үшін республикалық пікірсайыс турнирі өтті., сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2023 12:55

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қала күніне орай Ақтөбе қаласы әкімінің кубогіне арналған Республикалық пікірсайыс турнирінде еліміздің әр өңірінен келген жастар төмендегідей мәселелерді талқылады.

Турнир қарарлары:

1. БП түсік жасатуға рұқсат беру немесе тыйым салу туралы шешімдер тек әйелдер қатысатын
референдумдарда қабылдану керек д.е

2. БП: Google компаниясы суицид жағдайларына байланысты іздеулерді билік органдарына хабарлау керек деп есептейді

3. Қаптағы мысық

4. БП Ақтобе облысында сыртқы туризмді дамытудың механизмін ұсынады

5. БП.ҚР экономикасындағы ипотекалык жүйеге оң баға береді

6. БП Шарын және орта кәсіпкерлікке мораторийді ұзарту қажет д.е

7. БП. Қр-ның Ипотекалык несие жүйесіндегі негізгі проблемасын көрсетеді

8. Қаптағы мысық

Ақтөбе қаласы әкімінің кубогі үшін республикалық пікірсайыс турнирі өтті., сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2023 12:55

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Салтанатты марапаттау рәсіміне қатысқан Ақтөбе қаласының әкімі Мұрат Жөребеков барлық жастарды қала күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Пікірсайыс жүлдегерлерін арнайы алғыс хаттармен және бағала сыйлықтармен марапаттады.

Төрешілердің шешімі бойынша:

1 орын - "Тэо ойында" фракциясы (Есеннов Темірлан, Әлішбаев Мұхаммедәлі)

2 орын - "Мұхаммед Хайдар Дулати" фракциясы (Жумашов Бекзат, Өмірбеков Дархан)

3 орын - "Әлихан Бөкейханов" фракциясы (Бесбаев Ақан, Абжан Темірхан)

Үздік спикер - Бесбаев Ақан

Үздік төреші - Токмурзаев Асылбек

Ақтөбе қаласы әкімінің кубогі үшін республикалық пікірсайыс турнирі өтті., сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2023 12:55

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: