Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның бес облысында аптап ыстық болады деп болжанды

Қазақстан, ауа райы болжамы, жаңбыр, найзағай, аптап ыстық, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2023 17:46 Сурет: unsplash
Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 30 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Синоптиктердің болжамынша, тек солтүстік-батыста, республиканың оңтүстік жартысында күн ашық болады.

Республика бойынша жел күшейеді, батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Атырау облысының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысында, Қостанай облысының орталығы мен орталығында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында аптап ыстық болады деп болжанды.

"Қостанай облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысында, Павлодар облысының орталығында, шығысында, Атырау облысының шығысында, Қарағанды облысында, Ұлытау облысының орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады". "Қазгидромет" РМК

Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +29+31°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +25+27°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +31+33°С.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: