Елімізде күн 38 градусқа дейін ысиды деп болжанды

Қазақстан, ауа райы болжамы, жаңбыр, найзағай, аптап ыстық, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2023 13:57 Сурет: pexels
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 27-29 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Ауа райы болжамына сәйкес, шығыс пен оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, тек республиканың солтүстік-батысында және оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді, еліміздің батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Қазақстанда күнзідгі ауа температурасы:

  • батыс өңірлерде +32+37°С дейін;
  • солтүстік-батыста +30+35°С дейін;
  • солтүстікте +20+30°С дейін;
  • орталықта +20+28°С дейін;
  • оңтүстікте +30+38°С дейін ыстық болады;
  • оңтүстік-шығыста ауа температурасы +20+25°С-қа дейін, таулы аймақтарда +10+15°С дейін сәл төмендейді;
  • шығыста негізгі фон +23+28°C.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: