Қазақстанда 43 градусқа дейін аптап ыстық болады деп болжанды

Қазақстан, ауа райы болжамы, аптап ыстық, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2023 11:39 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 11-13 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың басым бөлігінде күн ыстық болады.

"Бүкіл кезеңде солтүстікте, орталықта, 11-12 шілдеде солтүстік-батыста, 12-13 шілдеде оңтүстікте, 13 шілдеде Қазақстанның оңтүстік-шығысында 43°С-қа дейін өте қатты ыстық болажанады", – делінген хабарламада.

Болжам бойынша, республиканың батысында, солтүстігінде және орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Республиканың шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күн ашық болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: