11 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болады

Қазақстан, ауа райы болжамы, аптап ыстық, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2023 17:40 Сурет: pixabay
Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 11 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың басым бөлігінде антициклонның екпінімен күн райы жауын-шашынсыз болады, тек республиканың батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Қазақстанда синоптиктердің болжауынша, жел күшейеді, елдің батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +35+37°С.

Алматыда күн ашық. Желдің екпіні 0-5 м/с болады. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +30+32°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +21+23°С, күндіз +37+39°С.



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: