Жаңалықтар тізбегі
0

Синоптиктер жаздың алғашқы күндері Қазақстанда 43 градусқа дейін ыстық болады деп болжады

Қазақстан, ауа райы болжамы, жаңбыр, найзағай, аптап ыстық, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2023 15:38 Сурет: unsplash
Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 1-3 маусымына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің барлық өңірлеріне жаз мезгілі күнтізбеге сай келеді.

Ауа райы болжамына сәйкес, Қазақстанның тек батыс облыстары мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Күндіз ауа температурасы мына өңірлерде біртіндеп көтеріледі:
  • республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде +36+41°С-қа дейін;
  • шығыста +28+33°С-қа дейін;
  • орталықта +30+39°С-қа дейін;
  • оңтүстікте +37+43°С-қа дейін;
  • оңтүстік-шығыста +30+37°С-қа дейін.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: