Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда емхананың бұрынғы бас дәрігері 79 млн теңге жымқырды деген айыппен сотталды

Алматыда емхананың бұрынғы бас дәрігері 79 миллион теңгеден астам қаржы жымқырды деп сотталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2023 17:00 Сурет: Zakon.kz
Алматыда емхананың бұрынғы бас дәрігері 79 миллион теңге ұрлап, сотталып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында емхана қызметкерлеріне қатысты аса ірі мөлшерде жымқыру арқылы бөтеннің мүлкін ұрлады деген айып бойынша қылмыстық іс қаралды (ҚК 189 бабының, 4 бөлігінің 2 тармағы бойынша).

Сот анықтады:

2015 жылғы сәуір – 2022 жылғы наурыз айларының аралығында емхананың бас дәрігері К. мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға бола отырып, бас бухгалтер Н. және кадрлар бөлімінің инспекторы С.-мен алдын ала қылмыстық келісім орнатып, іс жүзінде жұмыс істемейтін 19 тұлғаны қызметке тағайындау туралы бұйрықтарды рәсімдеу жөніндегі іс-әрекеттерге басшылық еткен. Ресми түрде рәсімделген қызметкерлердің шоттарына ай сайын еңбекақыны есептеп, аударып отырған, кейіннен оны өз меншігіне айналдырып, өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

К., С., Н. құқыққа қайшы әрекеттері арқылы мемлекетке 79 млн теңгеден астам шығын келтірді.

Сот үкімі:

Сот жаза тағайындау кезінде жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, кінәлілердің жеке басын, оның ішінде олардың қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез құлықтарын ескерді. Соттылықтың болмауы, С., Н.-нің залалды ішінара өтеуі секілді жеңілдететін жағдайлар ескерілді.

Залалды өтеу шараларын ескере отырып, екі тұлға 7 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды, С.-ға 5 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыру түрінде қосымша жаза тағайындалды, Н. 5 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Сот бас дәрігер К.-ға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, ол орта қауіпсіздік ҚАЖ мекемесінде жазасын өтейтін болады, сондай-ақ мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: