Жаңалықтар тізбегі
0

Ақ үйдің бұрынғы дәрігері Байденнен когнитивті тест тапсыруды немесе сайлаудан бас тартуды талап етті

АҚШ, АҚШ президентін сайлау, Ақ үй дәрігері, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2023 12:05 Сурет: Twitter/JoeBiden
Ақ үйдің бұрынғы дәрігері Ронни Джексон Джо Байденнен когнитивті тест тапсыруды немесе 2024 жылғы президенттік сайлауға қатысудан мүлде бас тартуды талап етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ронни Джексонды 80 жастағы президенттің бас қолбасшы болуға когнитивті қабілеті жете ма дегег сұрақ толғандырады. New York Post басылымының жазуынша, Байден президенттікке кандидатурасын ұсынатынын жариялағаннан кейін дәрігер президентті психиатриялық сараптамадан өткізу жайында қайта айта бастады.

Ақ үйдің бұрынғы дәрігері талабы жазылған хатты Байденге жібермес бұрын, қолдау табу үшін Когресстің республикашылдары арасында таратқан.

"Сізді не дереу отставкаға кетіп, қайта сайлауға түсуден бас тартуға немесе клиникалық негізделген когнитивтік сараптамандан өтіп, нәтижесін көпшілікке жария етуге шақырамыз. Сіз 2020 жылы президентті сайлауға қатысу ниетіңізді алғаш рет жариялаған кезде когнитивтік қабілетіңізге қатысты сұрақ пен қауіп туды. Бұл қауіп күшейе түсті. Өйткені ұмытшақтық сіз сайланған кезден бастап айқын көріне бастады". Ронни Джексоннан

Хатта Джексон көпшілік алдындасөз алған кездегі Байденнің басынан өткен барлық оғаш жағдайларды еске салды: сүрінгенін, тілінің күрмелгенін, ойынан жаңылғанын, сасқалақтағанын.

Ронни Джексон Дональд Трамп пен Барак Обама президент болып тұрған тұста Ақ үйдің дәрігері болған. 2021 жылдың маусымында да ол осындай хат жазған, оған оннан астам басқа республикашылар қол қойды. 2022 жылдың ақпанында Джексон бұл істі қайта қолына алып, Байденнен "Трамптың жолын ұстануды" сұрады.

Ақ үй Байденді және оның денсаулығының жақсы екенін айтып бірнеше рет мәлімдеме жасады. Байденнің дәрігері, доктор Кевин О'Коннор 2023 жылдың басында Байденнің денсаулық жағдайы туралы қорытынды шығарды, оған сәйкес АҚШ президентінің денсаулығы жақсы деп бағаланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: