Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысының полицейлері тұрғыннан екі шолақ мылтық тәркіледі

Түркістан облысының полицейлері тұрғыннан екі шолақ мылтық тәркіледі  , сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2023 14:21 Сурет: ҚР ІІМ
Түркістан облысының полицейлері тұрғыннан екі шолақ мылтық пен патрондарын тәркіледі.

Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері атыс қаруын заңсыз сақтаудың кезекті фактісін анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полицейлер үйінде қару-жарақ пен оқ-дәрі сақтаған Түркістан қаласының тұрғынын анықтады. Тінту кезінде жедел уәкілдер жас жігіттен екі ұңғылы шолақ мылтық пен патрондарын тәркіледі.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді.

Қазіргі уақытта бұл факт бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сараптама тағайындалды. Сондай-ақ күдіктінің атыс қаруы мен оқ-дәрілерді қандай мақсатта сақтағаны анықталуда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: