Синоптиктер жаздың алғашқы күндері Қазақстанда 43 градусқа дейін ыстық болады деп болжады
Сурет: unsplash
Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 1-3 маусымына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің барлық өңірлеріне жаз мезгілі күнтізбеге сай келеді.
Ауа райы болжамына сәйкес, Қазақстанның тек батыс облыстары мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Күндіз ауа температурасы мына өңірлерде біртіндеп көтеріледі:
- республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде +36+41°С-қа дейін;
- шығыста +28+33°С-қа дейін;
- орталықта +30+39°С-қа дейін;
- оңтүстікте +37+43°С-қа дейін;
- оңтүстік-шығыста +30+37°С-қа дейін.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript