Жаңалықтар тізбегі
0

Семейлік студент курстық жұмыс сатып алам деп алаяққа ұрынды

Есірткі саудасымен айналысқан адамдар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2023 13:19 Сурет: ҚР ІІМ
“Anti-Fraud” ЖПІШ барысында Семей қаласы ПБ Орталық ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен облыс орталығының 24 жастағы тұрғынын ұстады.

Белгілі болғандай, 22 жастағы студент әлеуметтік желі арқылы курстық жұмыс жасату үшін күдікті деп танылған азаматқа тапсырыс беріп, 22 мың теңге төлем жасаған.

Алайда белгіленген күні күдіктімен байланыса алмай, алаяққа тап болғанына көзі жеткен. Жауап алу барысында күдікті ер адам қолма-қол ақшаны қайтарып, кінәсін мойындады.

Ер адамға қатысты келу туралы міндеттеме бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Қазіргі уақытта полицейлер күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: