Жаңалықтар тізбегі
0

Петропавлда аттракцион істен шығып, бес бала зардап шекті

Петропавл, аттракцион, саябақ, бала, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2023 15:34 Сурет: Instagram/mirattrakcionov
2023 жылғы 1 маусымда Петропавлдың орталық саябағындағы "Мир аттракционов" ЖШС аумағындағы аттракционда бес бала зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде Петропавл қаласының полиция басқармасы мәлім етті:
"1 маусым күні сағат 18:59-да Петропавл қалалық полиция басқармасының "102" жедел арнасына Орталық мәдениет және демалыс саябағында балаларға арналған аттракциондардың бірі істен шыққаны, онда үштен он екі жасқа дейінгі кәмелетке толмаған бес бала зардап шеккені туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Зардап шеккендер алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйіне қайтарылды".
Ведомство өкілдері бұл факті Петропавл қаласы полиция басқармасының ақпараттарды есепке алу кітабына тіркелгенін, тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Оқиға "Жұлдызқұрт" аттракционында болған.
"Даладағы жоғары температура мен жұмыс жүктемесі көп болуына байланысты аттракционда тежегіш істемей қалды, соның салдарынан бірнеше кабина күрт тоқтады. Бірнеше баланың денесі көгерген. Оларға дереу медициналық көмек көрсетілді, содан кейін барлық зардап шеккендерді үйіне жібердік". "Мир аттракционов" ЖШС

Қазіргі уақытта аттракцион жұмыс істеп тұрған жоқ, тергеу жүріп жатыр.

"Біз Астанадан сарапшы келуін күтіп отырмыз, содан кейін болған жағдайдың барлық себебі мен аттракционның одан арғы тағдыры белгілі болады. 2023 жылдың көктемінде барлық аттракциондар жұмыс маусымы басталмай тұрып Астана қаласының өнеркәсіп саласындағы тәуелсіз зертханаларының бірінің техникалық диагностикасынан өтті"."Мир аттракционов" ЖШС

21 мамырда Шымкенттегі саябақтардың бірінде аттракцион істен шығып, бірнеше адам биікте тұрып қалды. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: