Оралда зиянкес уынан бір отбасы зардап шекті
Сурет: Zakon.kz
Оралда қырықаяқтың уынан бес адам зардап шекті. Ішінде бес жасар қыз бала бар.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 35 жастағы тұрғын зяинкестерді жою үшін пәтеріне химиялық зат сепкен.
Салдарынан, көпқабатты үйде тұратын көршілері уланып қалған деп жазады qazaqstan.tv.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметкері түнгі сағат 22:00-де бес адам жедел жәрдем арқылы қалалық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.
Олардың біреуі - ер адам, үшеуі әйел адам және біреуі бүлдіршін. Бәрі де таңға дейін дәрігерлердің бақылауында болып, жағдайлары тұрақталған соң үйлеріне жіберілген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript