БАҚ: "Алтын орда" базары директорының орынбасары ұсталды
Сурет: 5region.kz
"Алтын Орда" базары директорының орынбасары ұсталғаны туралы хабар тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы "Пятый регион" порталы хабарлады.
Полицияның БАҚ-қа берген мәліметінше, ол 2 маусымда қамауға алынған. Қарасай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне BMW көлігіндегі қарулы адамдар туралы ақпарат келіп түскен. Ұсталғандар арасында "Алтын Орда" әмбебап базары директорының орынбасары да бар.
Сондай-ақ полиция бұл факті бойынша "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" (Қылмыстық кодекстің 287-бабы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Алайда базардың баспасөз қызметі қамауға алынған күзетшілердің қару ұстауға рұқсаттары бар екенін айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript