Полиция "Алтын орда" базары директорының орынбасарын не үшін ұстағанын түсіндірді

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2023 12:47 Сурет: polisia.kz
Полиция "Алтын орда" базары директорының орынбасарын не үшін ұстағанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Алматы облысы Қарасай ауданының полиция қызметкерлері Алматы-Бішкек автожолында BMW автокөлігін тоқтатқан.

"Тінту барысында автомобиль жолаушысынан ерекше иісі бар ақ ұнтақ зат тәркіленді, сондай-ақ басқа жолаушыдан МК-471С травматикалық тапаншасы тәркіленді. Қазір сот-химиялық сараптама тағайындаумен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Аталған деректер ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі және 296-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелді.

Еске салайық, бұған дейін БАҚ 2 маусымда "Алтын орда" базары директорының орынбасары ұсталғанын хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: