Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ-тың авиациялық билігі Вашингтон аспанында қандай ұшақ жарылғанын айтты

АҚШ, Вашингтон, әуе апаты, бизнесс-джет, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2023 09:33 Сурет: Cessna
АҚШ федералдық авиация басқармасы (FAA) Вашингтонда жарылыс дыбысы естілгені жөніндегі ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жексенбі күні АҚШ билігі Америка астанасының төбесінде байқалып, кейін апатқа ұшыраған Cessna Citation жеке ұшағын бақылау үшін жойғыш ұшақтарын шығарды, деп жазды Daily Star.

FAA әкімшілігінің өкілдері жойғыш ұшақтарды ұшырғанда дыбыстық соққы туып, ол Вашингтон мен жақын маңдағы аудандарға тарағанын, бірақ оның ұшақ апатына еш қатысы болмағанын  түсіндірді. Cessna Citation автопилотта ұшып келе жатқан және биліктің онымен байланыс орнату әрекеттеріне жауап қатпаған.

Бұл жағдай тергеледі деп жоспарланып отыр. Алайда ресми өкілдер бұл екі оқиғаның арасындағы өзара байланысты әлі түсіндіріп берген жоқ.

Кеше Америка астанасының тұрғындары күндіз үлкен аумақта тарсыл естілгенін хабарлады. Өрт сөндіру және ішкі қауіпсіздік қызметкерлері Вашингтонда қандай да бір оқиғаболғаны жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды.

Жарылған ұшақ Теннесси штатының Элизабеттон қаласындағы муниципалды әуежайдан Нью-Йорктегі Лонг-Айленд МакАртур әуежайына қарай ұшып бара жатқан.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: