Мәскеу-Алматы бағытындағы ұшақ билетінің қатты қымбаттауына қатысты түсінік берілді
Әлеуметтік желілерде Мәскеу – Алматы бағыты бойынша билеттердің бағасына қатысты таратылып жатқан ақпараттағы билеттердің құны Дубай арқылы Мәскеу – Дубай ("Emirates" әуекомпаниясы) және Дубай – Алматы ("Эйр Астана"әуекомпаниясы) маршруты бойынша транзиттік рейстерді ескере отырып көрсетілгенін хабарлаймыз. Ал Мәскеу – Алматы және Дубай – Алматы бағыттары бойынша қазақстандық әуе компаниялардың тікелей рейстерінде тарифтер өзгермегенін атап өту қажет. ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті
Мысалы, 2022 жылғы 21 қыркүйек сағат 18:00-дегі жағдай бойынша:
2022 жылғы 24 қыркүйектегі Мәскеу (Внуково) – Алматы бағыты бойынша "SCAT" қазақстандық авиакомпаниясының рейсіне билет құны 253688 теңгені және ағымдағы жылғы 29 қыркүйектегі бағасы 208078 теңгені құрайды.
2022 жылғы 22 қыркүйектегі Дубай-Алматы бағыты бойынша "Эйр Астана" әуекомпаниясының рейсіне билет құны 334146 теңгені құрайды.
Айта кетсек, 21 қыркүйекте РФ Президенті Владимир Путин елде ішінара мобилизация жариялады.Сурет: әлеуметтік желіден алынды
Ресейлік адвокат Георгий Малков "ФедералПресс" агенттігіне берген сұқбатында Ресей заңдарына сәйкес 18 жастан 65 жасқа дейінгі барлық ер адамдар шетелге шыға алмайтынын айтты.
Алайда Ресейде мобилизация шаралары қалай ұйымдастырылатыны, әзірге белгісіз. Әскери міндеттілердің елден шығуына тыйым салынғаны туралы да нақты ақпарат жоқ.