Қазнетте тырысқаққа қатысты жалған ақпарат тарады

Қазақстан, Қарағанды, тырысқақ, жалған ақпарат, фейк, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2022 13:52 Сурет: pixabay
Тырысқақ ауруы туралы жалған ақпарат Қарағанды ​​облысына да жетті. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті осы хабарламаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желілерде Қарағанды ​​облысында тырысқақ ауруы тіркелгені, Жезқазған су қоймаларына тырысқақ вибрионы бөлінгені туралы хабарламалар тарады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі

Мамандардың айтуынша, қалада тырысқақ ауруын жұқтырғандар тіркелмеген. Жағдай бақылауда.

Мамыр-қазан айларында зертханалық зерттеулер үшін ашық су қоймаларынан (Кеңгір су қоймасы, жағажайлар) апта сайын сынама алу жүргізіледі. Дүрлігуге негіз жоқ. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Комитет сонымен қатар көрінеу жалған ақпарат таратқан тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: