Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақ шабандозы Францияда өткен бәйгеде бірінші келді

Қазақ шабандозы Францияда өткен бәйгеде бірінші келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2023 16:25 Сурет: pixabay
Қазақ шабандозы Бауыржан Мұрзабаев беделді «Катар При» ат жарысына қатысып, екі рет бас жүлдені иеленді.

Сайыс Францияның солтүстігіндегі Шантийи қаласында өтті. Бауыржанды Францияға атақты жаттықтырушы Андре Фабре шақырған.

Отандасымыздың шеберлігі Еуропаға кеңінен танымал болғанымен, Францияның ат сүйер қауымы арасында аса танымал емес, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Бірақ соған қарамастан Фабре Бауыржанды өзінің басты шабандозы етіп тағайындаған. Қандасымыз бапкердің артқан үмітін ақтады.

Шабандоз Шантийиде 6 бәйгеге қатысып, оның сәйгүлігі екі рет мәреге бірінші болып келді. Енді бірнеше аптадан кейін отандасымыз "Париж Гран приінде" бағын сынайтын болады.

"Франция ат спорты саласында Еуропадағы ең үздік ел саналады. Менің мансабым Чехияда басталған. Содан кейін Германияда болдым. Енді мне Францияға келіп еңбек етіп жатырмын. Бұған дейін жұмыс істеген елдерімде чемпион болдым. Францияда да 2-3 жыл ішінде осы биік белеске жетуді мақсат етіп отырмын." Бауыржан Мұрзабаев, шабандоз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: