Мәшһүр Жүсіптің мерейтойы кезінде өткен көкпарда атпен бірге құлаған шабандоз комаға түсті
Сурет: pavlodarnews.kz
Мәшһүр Жүсіптің мерейтойы кезінде өткен көкпарда аттан құлаған шабандоз комаға түсті, бұған қатысты тексеру басталды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқыс оқиға 11 тамызда болған.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Баянауыл ауданы Жаңажол ауылында Мәшһүр Жүсіптің 165 жылдығына орай ұйымдастырылған көкпар кезінде командалардың бірінің ойыншысы атпен бірге құлап, жарақат алды.
"Ер адам Екібастұз дағы ауруханаға жеткізілді. Осы факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Алғашқы медициналық көмекті жедел жәрдем қызметкерлері көрсеткен. Пациент жарақаттың ауырлығына қарай реанимацияға жатқызылған.
"Науқастың жағдайы өте ауыр, комаға түскен, жасанды тыныс алу аппаратында жатыр", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript