Баянауылда құны 2 миллион теңге тұратын белдік көрмеге қойылды

белдік, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2023 17:39 Сурет: pavlodarnews.kz
Ескелді шатқалында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған қолөнершілер өз туындыларын жұртшылық назарына ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Оның ішінде түрлі ұлттық бұйым, киізден басылған киім, әртүрлі формадағы жастықтар, күміс пен алтыннан жасалған әшекейлер бар. Ал көрмедегі ең қымбат бұйым – күмістен жасалған белдік.

"Бүгінгі көрмеге екі белдік алып келдім. Бірі – алтын жалатылған күміс болса, екіншісі – таза күмістен жасалған. Күміс белдікті 2,5 миллион теңгеге бағаладым. Ал алтын жалатылған күміс белдік 2 миллион теңге тұрады. Олардың айырмашылығы көлемінде".  Зергер Берік Әлібаев
белдік, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2023 17:39

Сурет: pavlodarnews.kz

Зергер Астанадан арнайы мерейтой үшін барған. Ол зергерлікпен ес білгелі айналысып келе жатыр. Атасынан қалған өнерді қазір шәкірттеріне үйретіп жүр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: