Жаңалықтар тізбегі
0

"Адам Жүсіпті "Мәшһүр" қылған адамдық жол..." атты бес томдықтың тұсаукесер рәсімі өтті

Жаңа кітап, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2023 18:09 Сурет: "Сенімді болашақ" ҚБ-ның облыстық филиалы
Жақында Орал қаласындағы Достық үйінде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туғанына 165 жыл толуына орайластырылған "Адам Жүсіпті "Мәшһүр" қылған адамдық жол..." атты бес томдық таңдамалы шығармалар жинағының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Сенімен болашақ" республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі БҚО филиалы ұйымдастырған іс-шараға өңіріміздегі қоғам қайраткерлері, мәдениет пен білім саласының өкілдері қатысты.


Жаңа кітап, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2023 18:09

Сурет: "Сенімді болашақ" ҚБ-ның облыстық филиалы


Биыл Алаш жұртының әйгілі перзенті, ақын, этнограф Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туғанына 165 жыл толуына орай елімізде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мәшһүр Жүсіптің "Адам Жүсіпті "Мəшһүр" қылған адамдық жол..." атты бес томдық таңдамалы шығармалар жинағының оқырмандарға жол тартуы "Сенімен болашақ" республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы, меценат, қоғам қайраткері Нұркен Асановтың бастамасымен жүзеге асқан.  


Жаңа кітап, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2023 18:09

Сурет: "Сенімді болашақ" ҚБ-ның облыстық филиалы


"Бүгінде мәшһүртану ғылымы тарих пен әдебиеттің, лингвистика мен мәдениеттің іргелі салаларының біріне айналып, ақынның шығармашылығы әр түрлі бағытта зерттелуде.  Мәшһүр Жүсіптің шығармаларын жинақтап, бес томдық кітап ретінде дайындауға М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғалымдары жұмыстанды.  Ағымдағы жылдың 31 мамырында Астана қаласында Мәшһүр Көпейұлының 5 томдық таңдамалы жинағының тұсаукесері өтті.  Осы ізгілікті іс "Сенімен болашақ" республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің барлық 18 филиалында жалғасын табуда. Жинақты шығарудағы мақсат – жас ұрпақ Мәшһүр шығармаларынан нәр алсын деген ниетпен республика бойынша 100 мектеп, 100 университет, 100 мешіт, 100 ауылды мекенге тегін тарату". "Сенімен болашақ" республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстағы жетекшісі Шынаргүл Арыстанова


Жаңа кітап, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2023 18:09

Сурет: "Сенімді болашақ" ҚБ-ның облыстық филиалы


Тағылымы мол рухани кеште зиялы қауым өкілдері сөз алып, кітап туралы ой-пікірлерін ортаға салды.


Жаңа кітап, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2023 18:09

Сурет: "Сенімді болашақ" ҚБ-ның облыстық филиалы


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: