Жаңалықтар тізбегі
0

"Ақылмен шешім қабылдауды ұсынамын". Ноғаев "БерАлидің" экс-қызметкерлерімен кездесті

Нұрлан Ноғаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2023 00:30 Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев "БерАли" компаниясының бұрынғы қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесуге "ҚазМұнайГаз" АҚ төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов, "Өзенмұнайгаз" АҚ басшысы Нұрдәулет Қилыбай және жұмыссыз қалған "БерАли" компаниясының бұрынғы қызметкерлері қатысты.

Нұрлан Ноғаев жергілікті атқарушы билік пен "Қазмұнайгаз" компаниясы көтерілген мәселені оңтайлы шешуге ынталы екенін айтып, барлық түйіткілді келіссөз үстелінде шешуге шақырды.

Кездесуде жиналғандарға жалақы мен еңбек жағдайларын сақтай отырып, "МөлдірМұнайСервис" ЖШС-не 3 жыл мерзімге жұмыс ұсынылды.

Өңір басшысы "БерАли" мекемесінің бұрынғы қызметкерлерін жұмысқа орналастыру "ҚазМұнайГаз" АҚ ережелері шеңберінде жүргізілетінін айтты. Сондай-ақ, ол тендерден ұтылған компанияның қызметкерлері конкурстық рәсімдердің жеңімпазы атанған компанияға жұмысқа орналастырылатынын жеткізді.

Мәселен, 2022 жылдың соңынан бастап осы уақытқа дейін күнделікті 192 шарт бойынша тендерлік рәсімдердің мәртебесіне талдау және мониторинг жүргізілген – бұл шамамен 15 мың адам. Талдау қорытындысы бойынша тендерден ұтылған мердігер компаниялардың қызметкерлері жұмыссыз қалмауы үшін уақтылы шаралар қабылданып жатыр.

Бүгінде тендердің нәтижелері бойынша жаңа мердігер компаниялармен 57-ге жуық шарт жасалған, олардың басым бөлігі - ұзақ мерзімді. Сондай-ақ "ҚазМұнайГаз" өкілдігінің бастамасымен тендерлік құжаттамаға алдыңғы мердігерде жұмыс істеген қызметкерлерді жұмысқа орналастыру туралы талап енгізілген. Осы талапқа сәйкес, ұтылған компаниялардың 3 мыңнан астам қызметкері жеңімпаз компанияға жұмысқа орналастырылған.

"Мұндай шаралар өз тиімділігін көрсетіп жатыр. Бұл ұтылған компаниялардың жұмыстан босатылған қызметкерлерін қайта жұмысқа орналастырудың тиімді құралы болады", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты "БерАли" мекемесінің бұрынғы қызметкерлеріне ұсынылған жұмысқа тұру туралы айтылды. "ҚазМұнайГаз" АҚ өкілдері "БерАли" мекемесінің бұрынғы қызметкерлері ұсынылған жұмыс орнынан бас тартқан жағдайда, "Өзенмұнайгаз" АҚ өндірістік жоспар бұзылмау үшін конкурстық рәсімдерде жеңген мекемеге кезекте тұрған жұмыссыз адамдарды алуға мәжбүр болатынын айтты.

"Сіздердің мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибеңізді ескере отырып, "ҚазМұнайГаз" АҚ қолданыстағы ережелері аясында жұмысқа орналасу ұсынылады. Алайда "Өзенмұнайгаз" АҚ-на тікелей жұмысқа орналасу туралы талапты қанағаттандыру мүмкін емес, себебі бұл қолданыстағы алгоритм шеңберінде жұмысқа орналасу кезегіндегі Жаңаөзен қаласының басқа тұрғындары үшін әділетсіз болмақ. Мен ақылмен шешім қабылдап, жұмысқа орналасу туралы ұсынысты қабылдауды ұсынамын", - деді Нұрлан Ноғаев.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: