Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау облысының әкімі "БерАли" компаниясының бұрынғы қызметкерлерімен кездесті

Кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2023 21:39 Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін, 7 маусымда Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қаласында "БерАли" мекемесінің экс-қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуге "ҚазМұнайГаз" АҚ төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов, "Өзенмұнайгаз" АҚ басшысы Нұрдәулет Қилыбай және жұмыссыз қалған "БерАли" компаниясының бұрынғы қызметкерлері қатысты.

Нұрлан Ноғаев жергілікті атқарушы билік пен "Қазмұнайгаз" компаниясы көтерілген мәселені оңтайлы шешуге ынталы екенін айтып, барлық түйіткілдерді келіссөз үстелінде шешуге шақырды.Кездесуде жиналғандарға жалақы мен еңбек жағдайларын сақтай отырып, "МөлдірМұнайСервис" ЖШС-ға ұзақ мерзімге (3 жыл) жұмыс ұсынылды.

Өңір басшысы "БерАли" мекемесінің бұрынғы қызметкерлерін жұмысқа орналастыру "ҚазМұнайГаз" АҚ ережелері шеңберінде жүргізілетінін атап өтті. Сондай-ақ, ол тендерден ұтылған компанияның қызметкерлері конкурстық рәсімдердің жеңімпазы атанған компанияға жұмысқа орналастырылатынын жеткізді.

Мәселен, 2022 жылдың соңынан бастап осы уақытқа дейін күнделікті 192 шарт бойынша тендерлік рәсімдердің мәртебесіне талдау және мониторинг жүргізілген – бұл шамамен 15 мың адам. Талдау қорытындысы бойынша тендерден ұтылған мердігер компаниялардың қызметкерлері жұмыссыз қалмауы үшін уақтылы шаралар қабылдануда.


Кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2023 21:39

Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі


Бүгінгі күні тендердің нәтижелері бойынша жаңа мердігер компаниялармен 57-ге жуық шарт жасалған, олардың басым бөлігі - ұзақ мерзімді. Сондай-ақ, "ҚазМұнайГаз" өкілдігінің бастамасымен тендерлік құжаттамаға алдыңғы мердігерде жұмыс істеген қызметкерлерді жұмысқа орналастыру туралы талап енгізілген. Осы талапқа сәйкес ұтылған компаниялардың 3 мыңнан астам қызметкері жеңімпаз компанияға жұмысқа орналастырылған. Мұндай шаралар өз тиімділігін көрсетуде. Бұл ұтылған компаниялардың жұмыстан босатылған қызметкерлерін қайта жұмысқа орналастырудың тиімді құралы болып табылады. Осыған байланысты "БерАли" мекемесінің бұрынғы қызметкерлеріне ұсынылған жұмысқа тұру және жұмысты оңтайлы жағдайда жалғастыру ұсынылды.

"ҚазМұнайГаз" АҚ өкілдері "БерАли" мекемесінің бұрынғы қызметкерлері ұсынылған жұмыс орнынан бас тартқан жағдайда, "Өзенмұнайгаз" АҚ өндірістік жоспар бұзылмау үшін конкурстық рәсімдерде жеңген мекемеге кезекте тұрған жұмыссыз адамдарды алуға мәжбүр болатынын атап өтті.

"Сіздердің мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибеңізді ескере отырып, сәздерге «ҚазМұнайГаз» АҚ қолданыстағы ережелері аясында жұмысқа орналасу ұсынылады. Алайда, «Өзенмұнайгаз» АҚ-на тікелей жұмысқа орналасу туралы талапты қанағаттандыру мүмкін емес, себебі бұл қолданыстағы алгоритм шеңберінде жұмысқа орналасу кезегіндегі Жаңаөзен қаласының басқа тұрғындары үшін әділетсіз болмақ. Мен ақылмен шешім қабылдап, жұмысқа орналасу туралы ұсынысты қабылдауды ұсынамын", - деді Нұрлан Ноғаев.

Әкімнің айтуынша, жергілікті атқарушы органдар қолда бар жұмыс орындарын сақтай отыра, жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ оларды тұрғындар арасында әділ бөлу жөніндегі жүйелі жұмысты тұрақты негізде жалғастыратын болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: