Жаңалықтар тізбегі
0

ЮНЕСКО басшысы Астанада өткен форумда Абайдың сөзін мысалға келтірді

ЮНЕСКО басшысы Астанада өткен форумда Абайдың сөзін келтірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2023 14:01 Сурет: akorda.kz
ЮНЕСКО-ның бас директоры Одри Азуле Астана халықаралық форумында Абай Құнанбаевтың сөзін келтірді. Ол трансшекаралық су проблемасы ынтымақтастықты қажет ететінін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

ЮНЕСКО басшысы су ресурстарына тоқталды. Оның айтуынша, трансшекаралық су мәселесі ынтымақтастықты қажет етеді.


"Біз ЮНЕСКО-да Орталық Азия елдерімен осы мәселені шешу үшін біраз дүниежасап жатырмыз. 2021 жылдан бастап мұздықтардың еруіне байланысты, тау көлдерінің толып кетуіне дайындық үшін ғылым арқылы тереңірек түсінік беруге тырысамыз. Бұл маңызды ғылыми ынтымақтастық. Мен ұлы ақын Абайдың сөзін мысалға келтіргім келеді: «Ақылсыздық – білімнің аздығы, ал білімсіз ештеңеге қол жеткізе алмайсын» Яғни, біз барлық іс-әрекетімізді ғылыми ынтымақтастықтан бастауымыз керек», - деп түсіндірді Одри Азулей.

Ол сонымен қатар 2025 жылға дейін Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстандағы мұздықтар мен мұз асты көлдерінің картасын жасауды жоспарлап отырғанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 8 маусымда ХФА пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде «біздің өңірдің екі ұлы өзені – Сырдария мен Амудариядағы су деңгейі 2050 жылға қарай шамамен 15%-ға төмендейді» деп атап өтті. Оның айтуынша, «өңірде экологиялық апаттың алдын алу үшін халықаралық Аралды құтқару қорын қолдауға көбірек қаражат бөлуге шақырамыз».

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: