Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте кәмелетке толмағандарға қатысты 66 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді

Кәмелеттік жасқа толмаған 66 адам ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2023 14:17 Сурет: ҚР ІІМ
Жазғы демалысқа шыққан жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың арасында түрлі заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында 7-9 маусым аралығында Шымкент қаласы аумағында “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Осыған байланысты, ЖПҚБ ювеналдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен түнгі уақытта рейд жұмыстары жүргізіліп, ойын-сауық орындары мен шаһар аумағы тексерілді. Аталған іс-шараның бір тәулігінде кәмелетке толмағандарға қатысты 66 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, қадағалаусыз жүрген 6 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды.

Құқық бұзушылыққа бейім 11 бала және 5 қолайсыз отбасы ІІО-ның есебіне қойылды.

Мәселен, Қаратау АПБ-ның қызметкерлерімен жүргізілген рейд барысында түнгі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық мекемесінде болған 6 жасөспірім анықталып, олардың ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуы) бойынша хаттама толтырылды.

Бұған қоса, 4 ойын-сауық орындарының иелері ӘҚБтК-нің 132-бабымен (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) жауапкершілікке тартылды. Түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген 57 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Шымкенттік полицейлер ата-аналарды балаларына және олардың тәрбиесіне назар аударуға шақырады. Кәмелетке толмаған балалардың түнгі сағат 22:00-ден кейін үйде болуын қадағалауды ескертеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: