Жаңалықтар тізбегі
0

Теміртауда металлургиялық комбинатта коксты газ жанып, ауаға қою қара түтін тараған

Теміртауда металлургиялық комбинатта коксты газ жанып, ауаға қою қара түтін тараған, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2023 10:41 Сурет: amanatpartiasy.kz
Күні кеше Теміртауда металлургиялық комбинатта коксты газ жанып, ауаға қою қара түтін тараған. Ақау шыққан аумақ тез залалсыздандырылып, жалын сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір тексеріс жүріп жатыр. Теміртауда ауаға тарайтын өндірістік зиянды қалдықтардың 87 пайызы "Арселор Миттал Теміртауға қарасты кәсіпорындарға тиесілі.

Өткен жылы ол 231 мың тоннаны құраған. Коксохимия, әктеу цехтары, домна пештері және №2, №3 жылу энергия орталықтарының жұмысы талапқа сай емес. Оларда өрескел заңбұзушылықтар анықталып, 1 миллиард теңге айыппұл салынған, деп жазады qazaqstan.tv.

Мәжіліс депутаттары металлургиялық комбинатта болып, экология, энергетика және өндірістік қауіпсіздік мәселелерді талқылады.

"Біз келген уақытта сол өздерінің жаңадан салынған электрофильтрді өшіріп тастаған. Айтуларынша ол жақсы жұмыс істейді дейді. Бірақ біздің күмәніміз бар, ол шын мәнінде жақсы жұмыс істеп тұрса жұмыс барысында көрсетулері керек еді. Екінші барған жеріміз ТЭС ПВС дейді. Ол жерде мұржаны қарадық. Жалпы оны салып бітірген, бірақ газ жүретін жолы бар құбыры соны қоспаған." Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Компанияның жылу энергия өндіруші кәсіпорындары да әбден тозған. Қазандықтарды жаңалап, жабдықтарды жөндеу тым баяу. Компанияға қарасты шахталар мен зауытта және басқа да кәсіпорындарда өндірістік қауіпсіздік ақсап тұр.

"Жұмыс ауыр 12 сағат жұмыс істейміз таңертең 7-ден кешке 7-ге едйін. Осыған байланысты зейнет жасын түсірсе бірінші мәселе, екіншіден осындай жұмыс болған соң кішкене айлық өсірсе." Дәуренбек Халел, көрікші
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: