Қою қара түтін Орал тұрғындарын шошытты
![Таразда қою түтін, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2022 18:36](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-794c45f6-6347-4d69-a38b-b1abfd5ae3eb/800x451.webp)
Әлеуметтік желіде Орал қаласының тұрғындары қою қара түтін түсірілген видео таратқан. БҚО Төтенше жағдайлар департаменті оның неліктен туындағанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Даланы қою қара түтін басқан видеолар zhaloby_uralsk_official және uralskgorod Instagram аккаунттарында жарияланған.
Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабарласты.
Орал қаласында 5 тамыз күні сағат 11:55-те Назарбаев даңғылы, 215 мекенжайы бойынша «UMP» ЖШС аумағында №2 цехтың шатыры мен жарық шамы жанып кетті. Өрт аумағы 240 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Ведомствоның мәліметінше, өрт 12:29-да оқшауланып, 12:40-та сөндірілді.
Өртті сөндіруге Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 15 бірлік техникасы мен 56 жеке құрамы жөнелтілді. Өртті сөндіру үшін жедел штаб құрылды, – деді баспасөз қызметі.
Облыстық ТЖД хабарлағандай, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript