Жамбылда сібір жарасынан бір ауыл карантинге жабылды
Сурет: sputnikvaccine.com
Жамбыл облысындағы екі ауданнан сібір жарасының ошағы анықталып, бір ауыл карантинге жабылды.
Қазір Талас ауданы, Тамды ауылына төрт түлікті кіргізіп, шығаруға тиым салынған. Қауіпті ауруды жұқтырған үш ауылдың тұрғыны ауруханада жатыр.
Сондай-ақ ауру белгісі Жуалы ауданы, Көлтоған ауылының тұрғынынан да анықталды, деп жазады qazaqstan.tv.
Қазір ветеринария мамандары аурудың ошағын анықтағанымен, оның жұқтырған жерін таппай жатыр. Мал сойған аумақ қоршалып, топырағы залалсыздандырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript