Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысындағы бір ауыл карантинге жабылды

Дезинфекция, карантин, Ақмола облысы, сібір жарасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2023 23:41 Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысында сібір жарасын жұқтырған 12 адам ауруханаға жатқызылды. Аса қауіпті кесел тұрғындарға малдан жұққан. Сондықтан Жарқайың ауданындағы Үшқарасу ауылы карантинге жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үшқарасу ауылынан Есіл ауданы ауруханасына жеткізілген 12 адамның денесіндегі бөртпелерге қарап дәрігерлер бірден сібір жарасы болуы мүмкін деп күдіктенген. Бірден сараптама жасап тексергенде, бәрінен күйдіргі дерті табылды. Науқастардың арасында 16 жастағы жеткіншек те бар. Олардың жағдайы орташа ауыр деп отыр дәрігерлер. Мал дәрігерлері адам ауырғаннан кейін ғана қозғалыпты. Ауылдағы "Үшқарасу" серіктестігінде осыдан екі апта бұрын 20 бас ірі-қара арам қатқан. Шаруашылық қожайыны бірден мал дәрігерлеріне хабар беріпті. Бірақ ветеринарлар аша тұяқтылар өрістегі гербицидтен уланды деген диагноз қойыпты. Сондықтан мал иесі ауру ірі қараның етін жұмысшыларына таратып беріп, бәрі қуырдақ жасап жеген екен, деп хабарлайды КТК.


"Малдан алынған анализ Астанадағы ветеринария ұлттық сараптама орталығына жіберіліп тексерілді. Сараптама малдың сібір жарасымен ауырғанын анықтады. Серіктестіктегі 600 бас қара мал көктемде сібір жарасына қарсы егілген. Қазір Үшқарасу ауылы карантинге жабылды. Дезинфекциялық, карантин шарасы жүргізіліп жатыр". Ақмола облысы Ветеринария басқармасының бөлім басшысы Жанат Оспанов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: