Жаңалықтар тізбегі
0

Велоспорттан Азия чемпионатында тағы бір жерлесіміз топ жарды

Таиланд, Районг, Велоспорттан Азия чемпионаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2023 14:47 Сурет: Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Таиландтың Районг қаласында өтіп жатқан тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында 23 жасқа дейінгі велошабандоздар арасында отандасымыз Андрей Ремхе мәре сызығын бірінші болып кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәлімдеуінше, ол белгіленген 30 шақырымды 36:11.058 секундта бағындырды. Одан кейін қытайлық Жу Цзиньян мен индонезиялық Мұхаммед Энди Ройан келді.

"Бірнеше күн бұрын аралас командалық сында Ұлттық құрама чемпион атанған. Ол кезде Қазақстан құрамасы сапында Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Игорь Чжан, Махаббат Үмітжанова, Рината Сұлтанова және Марина Куьзмина жарыс жолына шықты", – делінген хабарламада.

Жалпы Районгта сары құрлықтағы 27 елден келген 700-ге жуық велошабандоз ересектер арасындағы 42-ші, жастар арасындағы 29-шы, 11-ші пара Азия чемпионатында сынға түсіп жатыр. Мұнда Париж Олимпиадасына қажет рейтинг ұпайлары сарапқа салынады. Чемпионат 13 маусымда мәресіне жетеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: