Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде ойынханалардың саны 50 есе қысқарған

Елімізде ойынханалардың саны 50 есе қысқарған, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2023 14:32 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Оған қоса Қазақстанда ойын бизнесі туралы заңнамаға 62 түзету әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылдың басынан Мәдениет және спорт министрлігі ойын бизнесі саласындағы 6 лицензияның күшін сот тәртібімен тоқтатты. Осыған ұқсас тағы 7 ұйымға қатысты жұмыс жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, 2022 жылы мемлекеттік бақылау аясында жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, 7 әкімшілік іс қозғалды. Нәтижесінде 1 ойын автоматтары залы лицензиядан айырылды, бірінші инстанция соттың шешімімен үш залдың қызметі тоқтатылды, 6 әкімшілік айыппұл салынды. Бұдан бөлек, алдын-алу жұмыстардың қорытындысы бойынша 15 букмекерлік лицензияның күші жойылды.

Қазіргі министрліктің тікелей қатысуымен ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі саласындағы заңнамаға, ілеспе нормативтік-құқықтық актілерге 62 түзету енгізуді көздейтін 3 заң жобасы әзірленді. Бұл шаралар заңнаманы бұзғандарға жауапкершілікті күшейтуге, жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдардың алдын алуға және ескертуге бағытталған. Құмар ойындарға тәуелдік мәселесіне ерекше назар аударылып отыр.

"Қазақстанда ойын мекемелерінің саны 50 еседен астам қысқарды. Бұған дейін елде 140-қа жуық казино және 2000-нан астам ойын автоматтары залы болған. Бүгінде 39 лицензияланған мекеме қалды: 6 казино, 10 ойын автоматтары залы, 17 букмекерлік кеңсе, 6 тотализатор. Министрлік депутаттар тобымен бірлесіп заңсыз ойын бизнесімен және құмар ойындардың таралуымен күресу бағытында қосымша заңнамалық шаралар әзірлеп жатыр", - делінген Мәдениет және спорт министрлігінің хабарламасында.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: