Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылды

ШҚО, Қазақстан президентінің жарлығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2023 09:00 Сурет: primeminister.kz
Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарлық 2023 жылғы 16 маусымда Ақордада жарияланды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды", – делінген ресми хабарламада.

Даниал Ахметов 1954 жылы 15 маусымда Павлодар қаласында дүниеге келген. 1976 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы. Экономика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар академиясының академигі.

ШҚО әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін ол түрлі қызметтер атқарған. Соның ішінде: Қазақстан Республикасының премьер-министрі (13.06.2003-08.01.2007 жж); Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi (10.01.2007-17.06.2009 жж.), Энергетика және инфрақұрылым министрі (2012-11.2014 жж.);

Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып 2014 жылғы 11 қарашада тағайындалды. Ал 2022 жылғы 7 желтоқсанда осы өңірдің әкімі қызметіне қайта тағайындалған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: