Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінде қалды

Шығыс Қазақстан облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2022 14:44 Сурет: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
7 желтоқсан күні ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды" – деп жазылған ҚР президентінің ресми сайтында жарияланған құжатта .

Даниал Ахметов 1954 жылы 15 маусымда Павлодар қаласында дүниеге келген.

Білімі:

1976 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы.

Экономика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар академиясының академигі.  

Еңбек өтілі:

  • 1976-1981 жж. – "Павлодар тұрғынқұрылыс" тресінде мастер;
  • 1981–1983 жж. – Екібастұз қалалық партия комитетінде нұсқаушы;
  • 1983–1987 жж. – "Екібастұзшахтақұрылыс" комбинатында бас инженердің орынбасары, партком хатшысы;
  • 1987–1991 жж. – Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары;
  • 1991-1992 жж. – "Екібастұз энерготұрғынөндірісқұрылыс" трестінің басқарушысы;
  • 1992-1993 жж. – Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы;
  • 1993-1997 жж. – Әкімшілік басшысы, Павлодар облысының әкімі;
  • 12.1997-10.1999 жж. – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;
  • 10.1999-21.12.2000 жж. – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары;
  • 21.12.2000-21.11.2001 жж. – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасар;
  • 21.11.2001-13.06.2003 жж. – Павлодар облысының әкімі;
  • 13.06.2003-08.01.2007 жж. – Қазақстан Республикасының премьер-министрі;
  • 10.01.2007-17.06.2009 жж. – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi;
  • 12.2010 жылдан – Экологиялық энергетика саласындағы компаниялың басшысы;
  • 2012-11.2014 жж. – Энергетика және инфрақұрылым министрі;
  • 2014 жылғы 11 қарашада Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: