Жаңалықтар тізбегі
0

Облыс әкімі қызметінен босатылған Даниал Ахметов желіде жазба жариялады

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2023 18:31 Сурет: primeminister.kz
Жылы орыны суып үлгермеген Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметов Instagram-дағы парақшасында өз жұмысының қысқаша қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Құрметті жерлестер! Бірнеше жыл бойы біз Шығыс Қазақстан облысының жоспарлы және серпінді әлеуметтік – экономикалық дамуы, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру сияқты ортақ мақсат-мүддені көздеп, бірге етене жұмыс істедік". Даниал Ахметов

Даниал Ахметов жергілікті халықпен жұмыс істеу өзі үшін үлкен мәртебе болғанын айтады. Ол өз жұмысында басты қағидаттарды ұстанған, яғни адамдарды есту, негізгі бағыттарын Президентіміз - Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқындаған мемлекеттік саясатты тиімді іске асырудағы командасының бір бөлігі болғандығына қуанышты екенін жеткізді.

"Біз бірге көп нәрсеге қол жеткіздік. Сіздермен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болғанымды мақтан тұтамын, үнемі көрсеткен баға жетпес еңбектеріңіз бен күш-жігерлеріңіз үшін алғыс айтамын. Сіздер Шығыс Қазақстан облысы мен жалпы республиканың өркендеуі үшін табысты жұмысты жалғастыруға ықпал ететіндеріңізге сенімдімін. Алдағы уақытта да Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарының игілігі үшін тың жобалар мен идеяларды батыл іске асыруларыңызға шын жүректен тілектеспін!". Даниал Ахметов

Даниал Ахметов 2023 жылы 16 маусымда Шығыс Қазақстан облысы әкімі қызметінен босатылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: