Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау – Астрахань тас жолы қашан толықтай ашылады

Атырау-Астрахань тас жолы, Атырау облысы әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2023 15:15 Сурет: Zakon.kz
Атырау – Астрахань тас жолындағы көлік қозғалысы 2023 жылдың соңында ашылады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылы облыстың көлік инфрақұрылымын дамытуға 55,2 млрд теңге бөлінді, облыстың 41 елді мекенінде 172 шақырым жол жөндеу жоспарланған.

"Қазір біздің алдымызда тұрған басты міндеттердің бірі – Атырау – Астрахань бағытындағы республикалық жолды жөндеуді аяқтау. Оның жалпы ұзындығы 277 шақырым болса, оның 170 шақырымы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін қалған 107 шақырымында көлік қозғалысын ашуды жоспарлап отырмыз". Серік Шәпкенов

Жалпы, жоба 2024 жылы толығымен аяқталуға тиіс.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: