Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодардағы жолды жөндеуге қаржы бөлген фирма әкімдікті жеңіп шықты

жол жөндеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2023 01:59 Сурет: Zakon.kz
Павлодарда жолды жөндеуге 300 миллион теңгесін жұмсаған астаналық фирма ақыры әкімдікті жеңіп шықты. Бүгін сот құрылысты қабылдау актісін заңды деп тауып, шенеуніктердің талап-аразын қараудан бас тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, "жұмысты қабылдау актісі заңсыз" деген әкімдік былтырдан бері компанияның 304 миллион теңгесін төлемей жүр. Partners Realty серіктестігі Павлодардағы 4 шақырым жолды жөндеуден өткізген.

"Шенеуніктер соның ақысын бергісі келмей, қасарысып келеді", - дейді мердігер.

Тіпті әкімдік сотқа да жүгінген. Алайда судья бұл істі қараудан бас тартты. Соған қарамастан, құрылыс компаниясы ақшасын әлі ала алмай отыр. Өйткені жол салған серіктестік бұған дейін "жауапсыз" деп танылған. Сол қара тізімнен шығу үшін компания апелляциялық сотқа шағымданған. Алайда судья бұған дейінгі шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Өз қаражатына жол салған компания енді ақшасы мен беделін қорғау үшін Жоғарғы сотқа шағым түсірмекші. 

"Жағдайдың қалай боларын түсінбей тұрмын. Экономикалық соттың компанияны жауапсыз тапқан шешімі бар. Ол жерде жұмысты қабылдау актісі бойынша бір жақты шешімнің жоғын алға тарқан. Ал бүгін судья бұл бойынша талапарызды қарудан бас тартты. Сонда қалай болғаны? Біз фирманы қара тізімнен шығару үшін Жоғарғы сотқа шағымданамыз".Қорғаушы Мұрат Адам
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: