Елена Рыбакина латвиялық теннисшіні жеңіп, Римдегі турнирдің финалына шықты

Елена Рыбакина, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2023 02:34 Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Елена Рыбакина латвиялық теннисшіні жеңіп, Римдегі WTA 1000 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық бірінші, әлемнің 6-ракеткасы бүгін Римдегі турнирдің жартылай финалындағы кездесуін өткізді. Ол латвиялық теннисші, әлемнің 20-ракеткасы Елена Остапенкомен ойнады.

Елена Рыбакина қарсыласын екі сетте жеңді. Есеп 6:2, 6:4.

Матч 1 сағат 33 минутқа созылды, Римдегі ауа райына, жаңбырға байланысты екі рет тоқтатылды.

Енді қазақстандық теннисші финалда украиналық Ангелина Калининамен ойнайды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: