Елена Рыбакина Римдегі турнирдің ширек финалында әлемнің 1-ракеткасымен ойнайды

Рыбакина Швентек , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2023 22:34 Сурет: Robert Prange/Getty Images
Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің ширек финалында әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентекпен ойнайтын болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Польша өкілі Ига Швентек Римдегі турнирдің 1/8 финалында хорватиялық теннисші Донна Векичпен кездесіп, оны 6:3, 6:4 есебімен екі сетте жеңді. 

Енді ол турнирдің жартылай финалына өту үшін қазақстандық теннисші Елена Рыбакинамен ойнайды.

Матч 18 мамырға жоспарланған. 

Еске салайық, кеше, 15 мамырда Қазақстанның бірінші ракеткасы Римдегі турнирдің 1/8 финалында чех теннисшісі Маркета Вондроушованы жеңіп, ширек финалға өткен еді.

Сонымен бірге Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингіде бесінші орынға көтерілгені белгілі болды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: