Синоптиктер Қазақстанда күн салқын болады деп болжады

Синоптиктер Қазақстанда күн салқын болады деп болжады, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2023 12:28 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстандағы 27-29 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

"27 маусымда солтүстік-батыста, 27-28 маусымда солтүстікте, шығыста, 29 маусымда республиканың батысында қатты жаңбыр жауады", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Еліміз бойынша синоптиктер бұршақ жауып, жел күшейеді деп болжап отыр.

Ауа температурасының күрт өзгеруі болжанбады. Республиканың барлық аумағында салқын ауа райы сақталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: