Синоптиктер Қазақстанның жеті облысында қатты ыстық болады деп болжады

Астана, Алматы, Шымкент, ауа райы болжамы, аптап ыстық, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2023 16:45 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 15 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің басым бөлігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз, ашық болады.

"Оңтүстік-шығыста, оңтүстікте, солтүстік-батыста фронтальды бөліктердің өтуімен өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстікте бұршақ жауады", – дейді синоптиктер.

Республика бойынша жел күшейеді, күндіз батыста шаңды дауыл тұрады.

Маңғыстау, Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аймақтарында қатты ыстық болжанды.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +24+26°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +28+30°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +21+23°С, күндіз +36+38°С.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: